RSS лента

"Мұнайлы астананың" бұрынғы әкіміне үкім шықты

  • 26.12.2024, 18:18,
  • 187
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Сот жер учаскелерін заңсыз берген лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотында Атырау қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Қылмыстық қудалау органдарымен тағылған айып:

 

- қала әкімі У.К.-ға ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), ҚК-тің 369-бабының 3-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша,

 

- қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Н.-ға, әкім аппараты бөлімінің басшысы И.Ж.-ға және сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы К.Е.-ға ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), ҚК-тің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау), ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша.

 

У.К. қала әкімі бола тұра, жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Н. және сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы К.Е.-ге рекреациялық аймақтағы 8 жер учаскесін беру туралы тапсырма берген.

 

Сотталушылар К.Н. және К.Е. өзара сөз байласып, рекреациялық және санитарлық аймақтардағы 18 жер учаскесін берген. Ол үшін К.Н. жер комиссиясының хаттамасының қосымшасына комиссия отырысында қаралған деп 18 өтініш туралы жалған мәліметтер енгізген.

 

Сонымен қатар, келесі бөлігіндегі айыптау расталмады.

 

1.И.Ж. қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айыппен оның осы қылмысты жасауға қатысы бар екендігі туралы жеткілікті дәлелдер ұсынылмаған. Оның қызметтік өкілеттігіне рекреациялық және санитарлық аймақтардағы жер учаскелерін беру мәселесі кірмеген.

 

2.У.К., К.Е. және И.Ж.-ға тағылған айыптауда қандай құжаттарға (жер учаскесін таңдау актілері, жер комиссиясының хаттамалары және т.б.) жалған мәліметтер немесе түзетулер енгізілгені нақтыланбаған.

 

3.Аталған сотталушылармен құжаттарға жалған мәліметтер енгізілу фактілері анықталмаған.

 

4.Қылмыстық қудалау органымен мүлікті жымқыру дәлелдері ұсынылмаған. Сотталушылардың бірдей әрекеттері өкілеттіктерді теріс пайдалану және алаяқтық ретінде әртүрлі баптар бойынша дәрежеленген.

 

К.Е. және У.К. ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) кінәлі деп танылды. 

 

К.Е.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

У.К.-ға тағылған айыптың аз көлемі ескеріле отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

К.Н. ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және ҚК-тің 369-бабының 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

У.К., К.Е. және К.Н. өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

 

И.Ж. ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

 

У.К. ҚК-тің 369-бабының 3-бөлігі бойынша, К.Е. және И.Ж. ҚК-тің 369-бабының 1-бөлігі бойынша, К.Е., К.Н. және И.Ж. ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости