RSS лента

Бүгін – энергетиктер мен архившілердің кәсіби мерекесі

  • 22.12.2025, 09:13,
  • 58
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Биыл 22 желтоқсан Энергетик күні болып бекітілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ОКҚ мәліметінше, энергетиктер, электриктер, жылу техниктері, ЖЭО қызметкерлері, энергетикалық жабдықтарды монтаждаушылар мен жөндеушілер – олардың еңбегінің арқасында үйлерімізде жарық пен жылу болады, еліміздің әлеуметтік нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары тұрақты энергиямен қамтамасыз етілген. Бүгінде сала жаңғыртылып жатыр: цифрлық шешімдер енгізіліп, генерациялайтын қуаттар мен электр желілері жаңартылуда, «жасыл» энергетика дамуда.


1998 жылғы 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң қабылданып, елімізде архив ісінің қалыптасуы мен одан әрі дамуына негіз қалады. Архив – бұл жай ғана құжат сақтайтын орын емес. Бұл – мемлекеттің жады, сабақтастықтың негізі, басқарушылық шешімдер қабылдау мен ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті сенімді деректердің көзі. Бүгінде тарихи құжаттарды сақтаумен қатар цифрлық технологиялар да белсенді енгізіліп жатыр: электрондық архивтер құрылып, қорлар цифрландырылып, есепке алу мен іздеу үдерістері автоматтандырылуда. Архившілердің еңбегі зор жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, ұқыптылықты және әрбір құжаттың құндылығын терең түсінуді талап етеді.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц