Осыған орай Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылуда.
Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушылар отырғызылды:
- №7502 «Астана – Павлодар» (Ерейментау станциясынан);
- №139 «Павлодар – Пресногорьковская» (Ерейментау станциясынан);
- №6830 «Көкшетау – Астана» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан);
- №7508 «Көкшетау – Астана Нұрлы жол» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан);
- №045Ц «Павлодар – Түркістан» (Екібастұз және Шідерті станцияларынан).
"Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шараларды тұрақты түрде қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайларында жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарлардан уақытша бас тартуға шақырамыз" делінген хабарламада.

