RSS лента

Торт ішінен телефондар табылды

  • 01.12.2025, 17:24,
  • 54
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Астанада тергеу изоляторында торттың ішінен телефондар табылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

28 қарашада "Қадағалау" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізудің айлакерлік тәсілін әшкереледі. ІІМ мәлім еткендей, Алматы қаласының тұрғыны арнайы Астанаға келіп, тергеудегі азаматқа әсем безендірілген торт алып келген. Торттың ішіне ол мұқият жасырылған жеті телефонды өткізбек болған. Сырт көзге мүлдем қауіпсіз көрінген тәтті сыйлық қызметкерлердің қырағылығының арқасында дер кезінде тексеріліп, заңсыз әрекет тоқтатылды.


Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, азаматқа тиісті шаралар қабылданды. Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтың ісі сотқа жолданды.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц