— Тағы да қайталаймын, кінәмді мойындаймын.
— Кінәңізді толық мойындайсыз ба?
— ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тағылған айыпты толық мойындаймын. Тағы да Галина Юрьевнадан, Қазақстан халқынан және барлығынан кешірім сұраймын. Уақытты артқа қайтарып, мұндай іс жасамау үшін барымды берер едім. Яна туралы ештеңе айтпаймын. Өзімді ақтауға тырыспаймын — мені ештеңе ақтай алмайды.
Сот процесі жалғасуда. Қоғам әділ үкімнің шығуын тағатсыздана күтуде. Көпшіліктің пікірінше, бұл үкім үлгі боларлық болып, мұндай қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетуі тиіс.

