RSS лента

Қиындыққа тап болған көпбалалы ананың талабы қанағаттандырылды

  • 22.10.2025, 12:34,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ЖИ көмегімен жасалған

Елордалық үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана ауыр өмірлік жағдайға тап болған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2018 жылдан 2024 жылға дейін ол жалпы сомасы 4,6 миллион теңгеден астам несие мен микронесиелер рәсімдеген. Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, қарыздардың бір бөлігі эпилепсиямен ауыратын, ІІ топ мүгедектігі бар жұбайының еміне жұмсалған.

 

Сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінген азаматша микронесиелердің бір бөлігін банктік несиелерді өтеу үшін алғанын түсіндірген. Қазіргі уақытта оның тұрақты табысы бар және ол берешекті біртіндеп өтеуге дайын екенін және қосымша табыс көзі – жұбайының мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысы бар екенін жеткізген.

 

Сот келесі мән-жайларды анықтады:

 

- 2 банк пен 13 микрокаржылық ұйым алдындағы берешек сомасы 4,6 миллион теңгеден асады;

 

- азаматша бұрын кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, алайда 2021 жылы бұл қызметін тоқтатқан;

 

- 2022 жылдан бастап акционерлік қоғамда жұмыс істейді, айлық жалақысы шамамен 240 мың теңгені құрайды;

 

- отбасы күйеуінің ата-анасының үйінде тұрады, меншігінде жылжымайтын мүлік жоқ;

 

- берешекті соңғы рет ішінара өтеу 2024 жылғы сәуірде жүзеге асырылған.

 

Қаржы басқарушысының айтуынша, уақытша қиындықтарға қарамастан, өтініш иесі адал ниет танытып, міндеттемелерін орындауға дайын екенін көрсетті.  Бұл жағдай азаматтың әлеуметтік мәртебесін сақтап қалып, қаржылық өмірін қайта бастауға мүмкіндік беретін банкроттықтың баламасы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға негіз болды.

 

Сот «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, азаматшаның талап қоюын қанағаттандырды. Апелляциялық саты соты бірінші саты сотының шешімін заңды және негізді деп таныды.

 

Шешім заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости