RSS лента

Қызылордадағы жазатайым оқиғаға кім кінәлі?

  • 15.10.2024, 12:45,
  • 54
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

2002 жылы 25 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны 3 санатты мұнай-газ өндіру операторы болып, акционерлік қоғамға шарт бойынша жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бір жылдан кейін өндіріс орнында мұнайды автоцистернаға құйып жатқанда, шланг парафиннің қысымынан қозғалып, операторға соққы тиген. Соққыдан құлаған ол, ауыр дене жарақаты – омыртқа-жұлынның ауыр жабық жарақатын алған. Осыған байланысты омыртқалардың сынуы-шығуы, мойын омыртқасының контузиясы және жамбас мүшелерінің қызметі бұзылғандықтан, ол мүмкіндігі шектеулі деп танылған (I топ).

 

 Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәліметінше, акт жұмыс берушінің жазатайым оқиғаға 100% кінәлі екенін анықтайды. Осыған орай, жәбірленуші Қызылорда қалалық сотына АҚ-дан моральдық шығынды өндіру туралы талап қоюмен жүгінген. Ол жарақатына байланысты әлі күнге дейін төсек режимінде екенін, 2003 жылдан бері жұмыс беруші жоғалған табысы үшін ай сайын 39 мың теңге, ал 2021 жылдан бастап 42,5 мың теңге төлегенін көрсеткен.

 

 Талап қоюшы асырауында екі баласы бар екенін, бұл ақшаның және күнкөріс құнының өсуіне байланысты жәрдемақылардың жетіспейтінін атап өткен. Сот зардап шеккен оператордың қозғалу мүмкіндігін жоғалтып, 20 жылдан астам уақыт бойы психикалық азап шеккенін анықтады. Осыны ескере отырып, сот талап қоюды қанағаттандырды. Келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін АҚ-дан жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге өндірілді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости