Polisia.kz мәліметінше, Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери полиция басқармасының бастығы Берік Сүлейменов және 6505 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Али Шакенов қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлік көрсетті. Олар Қарағанды қаласы Новорадская көшесі бойындағы Бұқпа көлінің маңынан өтіп бара жатқан кезде, көлдің ортасында қайығы жарылып, суға батып бара жатқан балықшыны байқап қалған. Әскери қызметшілер еш ойланбастан көлікті жағаға тоқтатып, көлікке арналған тросты пайдаланып, азаматқа лақтырып, оны жағаға тартып шығарып, өмірін аман алып қалды.
Құтқарылған азамат әскери қызметшілерге шын жүректен алғысын білдірді. Қатардағы жауынгер мен офицердің бұл ерлігі – Ұлттық ұлан сарбаздары мен әскери қызметшілерінің кез келген уақытта көмек қолын созуға және төтенше жағдайларға дайын екенінің айғағы.

