Биыл Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысына 120 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ол қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналып, ел бойынша 2 миллионға жуық адамды біріктірді. Кәсіподақтардың қызметі – бұл адамның қауіпсіздігі, лайықты еңбек жағдайы мен болашаққа сенімін қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті жұмыс. Олар еңбек қатынастары мен әлеуметтік диалогты дамытуда, әділдікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.