RSS лента

Бас сандәрігер вирустан сақтану жолдарын айтты

  • 24.09.2025, 14:08,
  • 37
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Әлем бойынша коронавирус пандемиясы аяқталғанымен, Қазақстанда халық арасындағы бұл аурудың таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Биылғы 8 айда 882 КВИ жағдайы тіркелді, өлім жағдайы болған жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауру 1,6 есе төмен. Соңғы мониторинг деректері бойынша Омикрон варианттары айналымда. XFG тізбегінің айналымы басқа Омикрон түрлерімен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша тәуекел тудырмайды. Бұл жайында ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова айтты.


Қазіргі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай емес. Ауру көбіне жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем алады.


Айта кетерлігі, кез келген басқа вирустық инфекция кезінде  әдетте катаральды симптомдар басым, яғни мұрын бітеліп, тамақ ауыра бастайды, тек содан кейін катаральды құбылыстардың аясында температура көтеріледі. Бас санитарлық дәрігер вирустардан сақтану жолдарын еске салды.


«Ауру жұқтыру қаупін азайту үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау жеткілікті: халық көп жиналатын жерлерге, әсіресе жабық үй-жайларға бармау; тұрғын және жұмыс орындарында ауаны үнемі желдетіп, ылғалдату; қолды өңдеу үшін антисептиктер немесе дезинфекциялық сулықтар пайдалану; ауырған адаммен байланысты шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету; аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде балаларды үйде қалдырып, оларды мектепке және бала бақшаға жібермеу; денсаулық нашарлаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдеумен айналыспау», – деп ескертті С.Бейсенова.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости