Сауалнама республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір-бір мүшесінен қатысты.
Алынған нәтижелер көрсеткендей, тексерілген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 17,5% темекі шегеді, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7% деңгейінде болған. Темекі тартушылардың үлесі ауылдық жерлерде 19,1%, қалалық жерлерде – 16,7%. Жалпы темекі шегетін халықтың 93,8% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 34%, әйелдер арасында 5% құрайды.