RSS лента

Қазақстанда ересек халықтың 19,4%-ы темекі шегеді

  • 20.10.2023, 17:00,
  • 425
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/alexas_fotos

Бұл көрсеткіш 2023 жылдың шілдесінде15 жастан асқан 11 829 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысқан сауалнама нәтижесі, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып. 

Бюроның мәліметінше ерлердің 36%, әйелдердің 8,5% темекі тартады. Ауылдық жерлерде темекі тартатындардың үлесі – 19,6%, қалалық жерлерде – 19,3%. Темекі тартатын халықтың жалпы санының 92,3% өнеркәсіпте өндірілген темекіні тартады.


Темекі шегушілер тарапынан үйлерінде темекі түтінін жұтатын халықтың үлесі – 12,4%, оның 11,8% – темекі тартпайтындар. Жұмыс орнында темекі түтінінің әсеріне ұшырайтындар үлесі – 7,6%, оның 7,1% темекі тартпайтындар. Қоғамдық тамақтану орындарында сауалнамаға қатысқан респонденттердің 12,3% темекі түтінінің әсеріне ұшыраған, оның 11,6% – темекі тартпайтындар.


2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 29-38 жас тобы ішінде өсті, қалған жас топтарында керісінше төмендеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости