RSS лента

Қарттарға қамқорлық: шипажайда тегін емделуде

  • 27.05.2025, 00:01,
  • 30
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

"Атырау" шипажайында алғысқа толы зейнеткерлер дауысы тағы да естіле бастады. Қарт тұрғындар үшін үшінші жыл қатарынан шипажайда тегін демалып, ем қабылдау мүмкіндігі беріліп келеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған құжат 2022 жылдың қазан айында, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында қол қойылған болатын. Оның мақсаты — жалғызбасты және көмекке мұқтаж қарт азаматтарға, оның ішінде ардагерлер мен әлеуметтік осал жағдайда өмір сүріп жатқан жандарға қолдау көрсету.

 

— Көп жағдайда қарт адамдардың басқа өңірлерге барып ем қабылдауы қиынға соғады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлегариева. — Сондықтан біз жолдамаларды жергілікті шипажайға беру туралы шешім қабылдадық. 2023 жылдан бастап жалғызбасты қарттарға жүз тегін жолдама бөлінді. Бұл – маңызды және қажет қадам. Біз серіктестерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз және  табысты әріптестігіміз жалғаса береді деп үміттенеміз.

 

Сауықтыру бағдарламасы аясында зейнеткерлерге балшықпен емдеу мен парафин терапиясы, минералды ванналар, физиотерапия, емдік массаж, галотерапия (тұзды бөлме), сондай-ақ толыққанды төрт реттік тамақтану мен жайлы жағдайда тұру ұсынылады.

 

Биылғы жылы Жылыой ауданының тұрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Демалушылардың өздері де ризашылықтарын білдіруде. Солардың бірі - Жылыой ауданының тұрғыны Сәуле Есенаманова.

 

— Мұнда өте тыныш — жан мен тәнді демалтуға болады. Бізге массаж жасайды, емдік процедуралар бар, таза ауамен тыныстап, аллеяларда серуендейміз. Тағамның сапасы жақсы, қызметкерлер сыпайы — бәрі қарт адамдарға арналғандай. Түнде жақсы ұйықтайтын болдым.– дейді ол.

 

Арасында Қызылқоға ауданынан келген ерлі-зайыптылар да бар.

 

— Шипажайда бәрі керемет. Күн сайын процедураларға қатысамыз, минералды су ішеміз, тынығамыз. Үй шаруасын ойламаймыз — тек демалып, денсаулықты қалпына келтірудеміз. Мұнда басқа аудандардан жаңа достар таптық, – дейді Клара Есжанова.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости