RSS лента

Қазақстанда жарақаттану көрсеткіші төмендеді

  • 28.05.2025, 09:08,
  • 95
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Барлығы 2471 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2024 жылы Қазақстан Республикасында жарақаттану көрсеткіші 2023-пен салыстырғанда 7,5% -ке төмендеп, 2471 жазатайым оқиға тіркелді. Соның ішінде 288 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 529 – кәсіптік аурулардан, 26 - улану кезінде зардап шеккен. Сондай-ақ өндірістегі өлім-жітім саны да азайған – төмендеу 24,8%.


Жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші Жетісу облысында (20 адам), Шымкент қаласында (30 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 адам) тіркелді.

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (32,4%), тау-кен өнеркәсібінде (19,4%), сондай-ақ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте (8,3%) байқалған.


Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия (274 адам); құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз (129 адам).

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымда жұмыс істеген 30-дан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости