RSS лента

Құрбан айтқа қанша күн демаламыз?

  • 12.05.2025, 12:09,
  • 36
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылдың маусымында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дін өкілдерінің ұсынысы негізінде бұл күнді демалыс етіп бекітті.

 

Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:

 

Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.

 

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады. Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.

 

Осылайша қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекесіне орай қосымша демалыс күндерін пайдалана алады.

 

Құрбан айт күні – құрбандық шалу рәсімін жасау, намаз оқу үшін мешіттерге бару, мұқтаж жандарға көмек көрсету, құрбандық етінің бір бөлігін кедейлерге тарату дәстүрі бар мереке. Сондай-ақ бұл күні адамдар отбасыларымен бірге жиналып, туған-туыстарына, достарына барып, қамқорлық пен мейірім көрсетеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости