RSS лента

Қазақстандықтар фильм көріп, түрлі тағамнан дәм тата алады

  • 08.04.2025, 11:33,
  • 33
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Қазақстандықтар «Франкофония көктемі» аясында фильмдер көріп, түрлі тағамдардан дәм тата алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Франкофония көктемін мерекелеу аясында Қазақстанның 7 қаласында мәдени бағдарлама ұйымдастырылады, ал Астана мейрамханалары Халықаралық франкофония ұйымына мүше елдердің түрлі тағамының нағыз дәмін жеткізуге тырысады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге биыл «Оскар» сыйлығын алған «Ағын» анимациялық фильмі ұсынылады. Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің айтуынша, мамыр айында Астана қаласының Француз Альянсының 20 жылдығы атап өтіледі. Оның аясында француз және қазақстандық әртістердің қатысуымен арнайы музыкалық-би шоуы ұйымдастырылады. Бұл туралы ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.


Франкофония көктемі бағдарламасына келетін болсақ, сәуір-мамыр айларында Қазақстанның алты қаласында (Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Өскемен және Қарағанды) іс-шарлар ұйымдастырылады.

 

«Осы маусымда дәстүрлі француз тілді кинофестиваль аясында үш француз фильмін ұсынамыз. Сондай-ақ Өскеменде «ЮБИFRANCE» француз киносының екінші фестивалін ұйымдастырамыз, оның аясында 7 фильм көрсетіледі. Сонымен қатар жыл сайын Астанада 26 сәуірде Франкофония ән байқауының финалы өтеді. Ақтөбедегі Өнер мұражайында «Цифрлық көктем» виртуалды және толықтырылған шындық көрмесін ұсынамыз», – деді Сильван Гиоге.

 

Сондай-ақ елші 14-20 сәуір аралығында Астанада өтетін Франкофония гастрономиясы мен тағамдары апталығының маңыздылығын атап өтті. Елорданың көптеген мейрамханасы франкофония апталығын тойлауға қатысады. Бельгия мен Франциядан келген аспаздар франкофония елдерінің барлық талғамын жеткізуге тырысады.

 

Латвияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ирина Мангуле Латвия 2008 жылы франкофония ұйымының бақылаушы мүшесі болғанын атап өтті. Осы жылдар ішінде ел француз мәдениетінің игілігіне байланысты іс-шараларға белсенді қатысады.

 

«Біз Бельгия және Франция елдерімен бірлесіп, латвиялық режиссер түсірген «Ағын» анимациялық фильмі алған марапаттарды мақтан тұтамыз. Бұл «Оскар», «Алтын глобус» және басқа да көптеген марапат. Франкофония көктемін мерекелеу аясында «Ағын» енді қазақстандық көрермендерге жол тартады» , – деді Ирина Мангуле.

 

Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Бал фестиваль аясында көрсетілетін «Riverboom» деректі фильмі туралы айтып берді.

 

«Бұл трагикомедиялық деректі фильмдегі оқиғалар Швейцарияға қарағанда Қазақстанға жақынырақ. Фильм үш жас тілшінің тарихын баяндайды, олардың арасында режиссер де болды. Бұл кейіпкерлер 2002 жылы Ауғанстанға сапар шегеді. Фильм елдің шынымен ерекше қырларын көрсетумен қатар, саяхаттың нәтижесінде өмірі мен дүниетанымы өзгерген үш басты кейіпкердің жеке тәжірибесін терең және әзіл арқылы жеткізеді. Менің ойымша, фильм өзіңізді жақсы білу үшін басқа адамдармен кездесудің маңызы туралы», – деп бөлісті ол.

 

Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэдэлина Лупу өткен жылы Румыния Президенті Сыртқы істер министрімен бірге Париждегі Франкофония саммитіне қатысқанын хабарлады. Онда олар елдің ағымдағы жылдан бастап бюджетке 100 мың еуро көлемінде жыл сайынғы ерікті қаржы жарнасын белгілеу туралы шешімін жариялады. Румыния Халықаралық франкофония ұйымының негізгі донорлар тізімінде 7-ші орында, ал Университеттік франкофония агенттігімен тығыз байланыстағы университеттер саны бойынша 2-ші орында тұр.

 

«Бухарест Политехникалық университетінің Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау қалаларындағы жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өте тығыз байланысы бар екенін атап өткім келеді. Болашақта да осындай ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз», – деп қосты ол.

 

Француз тілі сөйлейтіндер саны бойынша әлемде 5-ші орында тұр. 29 елде және халықаралық ұйымдарда БҰҰ, НАТО, ЕО, Халықаралық комитет, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы сияқты ресми тіл мәртебесіне ие, бұл француз тілінің үлкен дипломатиялық әртүрлілігін көрсетеді.

 

«Қазақстандағы француз тілінің мәртебесіне келетін болсақ, бүгінгі таңда Франция елшілігі 11 мың оқушыға француз тілін оқытуды қолдайды. Атап айтқанда, елшілік Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтау қалаларында екі тілді секциялар құрылған төрт мектепте жұмыс істейді. Сондай-ақ біз Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкенттегі мәдени орталықтарымыз, Француз альянстарымен ынтымақтастық орнаттық. Сонымен қатар Астана мен Алматыда екі француз мектебін ашу жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мектептер мүмкіндігінше тез ашылады деген үміттеміз», –деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости