Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық құндылықтарымызды сақтау, дамыту және жастарға мұра ету мәселесі маңызды орын алады. Бұл үдерісті жүзеге асыру үшін білім беру мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары маңызды рөл атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде ұлттық құндылықтарды жастар санасына сіңіру бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Ұлттық құндылықтар дегеніміз — халықтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығы, дәстүрі, мәдениеті мен тілдік мұрасы. Олар әр ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтап, қоғамдық бірлікті нығайтуға қызмет етеді. Ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіру — тек мәдениеттің сақталуы ғана емес, ұлттық бірліктің нығаюы мен еліміздің болашақ дамуының негізі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ауқымды жұмыстар атқарып келеді. ҚазҰУ -тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік білім кеңістігінде танымал оқу орны ретінде, жастардың бойында ұлтжандылықты қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды ұйымдастырады. ҚазҰУ өз студенттерін ұлттық мәдениетке баулып, олардың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Студенттік концерттер, ұлттық киімдер байқаулары, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын шаралар университет өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Бұл іс-шаралар жастарды ұлттық мәдениетпен таныстырып, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
ҚазҰУ оқу процесінде студенттерге тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, олардың адамгершілік және моральдық құндылықтарын қалыптастыруға да мән береді. Университетте білім алушыларды әділеттілік, адалдық, шыншылдық, патриотизм сияқты маңызды құндылықтармен тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Бұл студенттердің бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіру-еліміздің болашағы үшін маңызды міндет. ҚазҰУ сияқты жоғары оқу орындары осы үдерісте маңызды рөл атқарып, жастарды ұлттық мұрамызды сақтап, дамытатын жауапты азаматтар ретінде тәрбиелеп келеді. Университеттің түрлі мәдени, ғылыми және тәрбие шаралары жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, оларды өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған.Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ҚазҰУ еліміздің болашағына үлкен үлес қосып, жастарды еліміздің мәдени мұрасын құрметтеп, оны сақтауға, дамытуға және оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеп келеді.
С.Ж.Сулейменова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор