Онда 25 жастан асқан қазақстандықтарға бір жылдан астам уақыт сақталған киім жиынтығы ұсынылған. Бұл қоймадан жаңа модельдерге орын босату үшін жасалып жатыр екен. Ресми stopfake.kz бұл жарнаманың фейк екенін мәлімдеді.
Әйгілі массмаркет желісіне қатысты жалған ақпарат Қазнетте осы жылдың ақпан айында шықты. Видеороликтерде ZARA дүкендері жаңа коллекциялар түсер кезде қоймаларды босататыны айтылған. Тауарларды алу үшін оны жеткізу құнын шамамен 1000 теңге төлеу керек.
Бұл ақпаратты Factcheck.kz тексерді. Портал журналистері Алматыдағы Inditex дистрибьюторына (ZARA брендінің иесі) хабарласқан.
Компанияның ресми өкілі ZARA-ның бұл «акцияға» ешқандай қатысы жоқ және бұл алаяқтардың ісі екенін айтты. Видеода көрсетілген адамдар мұндай мәлімдемелер жасамаған - олардың бейнесі келісімсіз қолданылған, ал роликт жалған дауыспен дыбысталған. Ал видео жарнаманы таратып жатқан аккаунттар жалған.
Бүгінде Facebook-те шыққан жарнаманың ZARA брендіне де қатысы жоқ. Компанияның ресми сайтында да, әлеуметтік желілердегі парақшаларында да (Instagram, Facebook, YouTube) қоймаларды босату үшін киім-кешек таратылатыны туралы хабарламалар жоқ. Алаяқтар пайдаланушыларды алдау үшін танымал бренд атауын тағы да қолданып отыр.