Сенімдірек болуы үшін киберқылмыскерлер видеода Михаил Ломтадзенің сұхбатынан алынған үзіндіні пайдаланған. Kaspi.kz басшысының дауысы жалған.
Kaspi Profit туралы ақпарат – фейк және оның Kaspi.kz пен Михаил Ломтадзеге мүлдем қатысы жоқ. Қылмыскерлердің мақсаты – адамдарды оңай әрі жылдам табыс табуға тартып, ақшасын иемдену.
Алаяқтар өздерінің беделін арттыру үшін банк логотипін пайдаланған. Құпия деректеріңізді үшінші тарап ресурстарында қалдырмаңыз. Күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және ақша аудармаңыз.