RSS лента

Фейк: «Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет құрылды»

  • 27.01.2025, 17:41,
  • 387
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстанда жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару үшін арнайы қызмет құрылды. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әлеуметтік желілерде осындай жаңалықпен жарнама таратуда. Бұл хабарламаға сенбеген жөн, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын иемдену үшін бұрыннан белгілі схеманы қолданады. Жарнамада оның жалған екендігінің айқын белгілері бар.


Біріншісі: қызметті үкіметтің жарлығымен құрылғаны туралы мәлімдеме. Мәтінде Киберпол және ҰҚШҰ сияқты ұйымдар аталады. Сондықтан бұл ресми ақпарат сияқты болып көрінеді. Алаяқтар адамдардың белгілі құрылымдар мен мемлекеттік органдарға сенетінін біледі. Оның рас-өтірігін тексеру оңай: Қазақстан үкіметінің сайтында мұндай жаңалық жоқ.


Екінші: белгілі тұлғаның фотосуретін пайдалану. Жарнамада ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың 2024 жылғы наурыздағы мақаладан алынған суреті пайдаланылған. Бұл фотосуреттің жалған қызметке қатысы жоқ.


Үшіншісі: фишингтік сілтеме. Алаяқтардың сайтында .uno домендік аймағында тіркелген порталға апаратын «Байланысу» батырмасы орналасқан. Бұл домен бастапқыда итальяндық және испандық қолданушыларға арналған, қазір ол бәріне қолжетімді. Қазақстан .kz домендік аймағында тіркелген. Оны барлық мемлекеттік ұйымдар пайдаланады.


Маңызды: Деректеріңізді белгісіз сайттарда енгізбеңіз. Алаяқтар сіздің ақпаратыңызды теріс мақсатта қолдануы мүмкін.


Мұндай фейктер Қазнетте болған. Былтыр Қазақстан Президентінің атынан жалған брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны қайтару туралы жалған ақпарат тараған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости