RSS лента

Президенттің суреті жұртты алаңдатып қойды

  • 19.07.2024, 15:08,
  • 561
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тағы таралуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Ресми stopfake.kz мұны жоққа шығарды.

Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлаған. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бірде-бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ.

 

Алаяқтар атап өткен ҚР қайырымдылық қоры деген қор жоқ.

 

Алаяқтардың сөзінше, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылуда. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында төлемдер туралы айтылмаған.

 

Мемлекет басшысының ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ.

 

Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости