RSS лента

"Жаңа жылда сақ болыңыздар..."

  • 20.12.2024, 18:02,
  • 307
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жаңа жыл және Рождество мерекелері қарсаңында сыйлықтарға, акциялар мен мерекелік ұсыныстарға қызығушылық артатынын пайдаланып, алаяқтар әрекет ете бастайды., деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Балқаш қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды алаяқтықтың ықтимал схемалары туралы ескертеді және алданып қалмау үшін кеңестер береді. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті.


Жалған Аяз Ата және залды жалға алу

Алаяқтар Аяз Ата қызметін, банкет залдарын жалға алуды, кейтеринг және т.б. ұсынады, алдын ала төлем алып, кейін жоғалып кетеді.

Алдаудың белгілері: қызметтер бағасының төмен болуы, келісімшарттың немесе заңды ақпараттың болмауы, пікірлердің жазылмауы.

Кеңес – тексерілген компаниялармен келісімшартқа отырыңыз.


Хабарландырулар платформасындағы алаяқтық

Мұнда сатушылар мерекеге арналған өнімдерді (шырша, әшекейлер, сыйлықтар) алдын ала төлем жасап алуды ұсынып, жоғалып кетеді.

Алдаудың белгілері: картаға ақша аударуды сұрау, сатушы тауардың нақты фотосуреттерін және оның бары екеніне дәлел келтіре алмайды.

Кеңес – қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз, сатушының беделін тексеріңіз.


Бір күндік интернет-дүкендер

Алаяқтар тапсырыс үшін алдын ала төлем жасауды ұсынып, танымал тауарларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалған сайттар әзірлейді.

Алдаудың белгілері: дүкен туралы заңды ақпараттың болмауы, тауар бағасының тым төмен болуы, пікірлердің жазылмауы немесе бірдей оң пікірлердің көп болуы.


Кеңес – дүкеннің беделін, сертификаттар мен нақты пікірлердің болуын тексеріңіз.


Алаяқтардан қалай сақтану керек:

– бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;

– дүкендер мен ұйымдардың беделін тексеріңіз;

– ресми сайттар мен сауда қолданбаларын пайдаланыңыз;

– карта деректерін немесе SMS кодтарды ешкімге айтпаңыз.


«Егер адамдардың алаяқтық әрекет жасап жатқанын байқасаңыз, полицияға хабарласыңыз. Мереке кезінде мұқият және сақ болыңыз», – деп ескертеді тәртіп сақшылары.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости