Kolesa.kz. сайтының өкілі жалған хабарландыруларға қатысты түсініктеме берді
«Біздің модераторлар тобы бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында сайттағы барлық хабарландыруларға тұрақты түрде мониторинг жасайды. Тексеру әдістерін жақсарту жұмыстары ұдайы жүргізіледі, сондай-ақ пайдаланушылардың шағымдары тез арада өңделіп, күдікті хабарландырулар жойылады және жосықсыз пайдаланушылар бұғатталады.
Біздің команда бұзушылықтарға жедел ден қоюға тырысады. Алайда, бұған қарамастан, сайтта жекелеген жосықсыз хабарландырулар аз уақыт болады.
Біз пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Байланыс телефон нөмірі көрсетілген әрбір хабарландырудың астында «Алдын ала төлем жасамаңыз. Олай ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін!» деп ескерту жазылған. Сондай-ақ, барлық пайдаланушыларға мәмілені сәтті жүзеге асыру үшін «Көлік сатқанда және сатып алғанда алаяққа алданбау амалы» атты мақаланы оқуды ұсынамыз.
Егер редакцияңызға хабарласқан оқырман алаяқтарға тап болса, онда оған жергілікті полиция бөліміне арыз жазуға кеңес береміз. Жолданған ресми сұрау негізінде біз қосымша тергеуге қажетті деректерді ұсынамыз.
Біз көмектесуге және қызметіміздің қауіпсіздігін жақсартуға әрқашан дайынбыз», -деді «Kolesa Group» өнімдер PR-менеджері Ян Евгения.