RSS лента

Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болмақ

  • 09.12.2024, 15:18,
  • 123
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

 

 «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

 

– 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;

 

– шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;

 

– тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;

 

– қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;

 

– 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;

 

– қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;

 

– 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;

 

– 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.

 

Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тасталуы жоспарлануда.

 

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.

 

Бұйрық жобасымен «Ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332246 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости