Оның хабарлауынша, өзектендірілген 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Қазақстанда 115 базарды жаңғырту жоспарланған.
Биыл 16 базарда жаңғырту жұмыстары аяқталуға тиіс. Қалған 99-ы келесі жылы ретке келтіріледі. 16 базардың алтауы Алматы, үшеуі Шымкент қаласында орналасқан.
«Базарларды жаңғыртуды жүргізіп жатқан, жүргіземін дегендер мемлекеттік қолдауды ала алады. Жалпы 10,75%-ын мемлекет субсидиялап береді, қалған банктің пайыздық ставкасын өзі төлейді кәсіпкер», – деді спикер.