Кеңеске қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын өзектендіру барысын талқылады. Атап айтқанда, одан 20-дан астам коммуналдық меншік ұйымын алып тастау ұсынылып отыр. Олардың ішінде ТКШ нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар. Соңғыларын мемлекет жеңілдікпен несие беру және кәсіпкерлерді оқыту бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланатын болады.
Сонымен қатар отырыс барысында ҚР өнеркәсібін қолдау мәселелері, оның ішінде отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолжетімді қаржыландыру шараларымен қамту талқыланды.
Бұдан бөлек өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік нысандарын қолдау мәселелері қаралды.
Оған қоса отырысқа қатысушылар 2024 жылы Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру шарттарын талқылады.