RSS лента

«Damumed»-ке қатысты дау шешімін тапты

  • 19.05.2023, 12:41,
  • 513
  • 0
  • Автор:
Автор фото: standard.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және тағы басқа ведомство басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Комиссия тапсырмасын орындау мақсатында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің 50% үлесін мемлекет меншігіне, яғни Атырау мұнай өңдеу зауытына беру аяқталғаны атап өтілді. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының тиісті шешімі заңды күшіне енді.

 

Премьер-Министр кәсіпорынның қалыпты режимде жұмысын қамтамасыз етуді және сот шешімнен туындайтын барлық қажетті рәсімдерді орындау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылды. Бүгінде нарықтың 80%-дан астамын «Даму» АТО» ЖШС-іне тиесілі «Damumed» жүйесі қамтиды. Республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайлар туғызып, салдарынан қазақстандық медициналық ұйымдар бір медициналық ақпараттық жүйеден басқасына ауысқанда қиындықтарға кезігіп отыр. 

 

Осыған байланысты «Даму» АТО» ЖШС-і Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның биылғы жылдың 27 сәуіріндегі тапсырмасын орындау аясында «Е-Денсаулық» жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін «Damumed» деректер қорын Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Бұл үшінші тараптағы қызмет ұсынушылардың медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді. 

 

Әлихан Смайылов «Е-Денсаулық» жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саладағы реттеудің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық түзетулер дайындау қажеттігін атап өтті.

 

Кеңеске қатысушылар отын-энергетика кешеніндегі монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру барысын да талқылады.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости