RSS лента

Инженерлік желілерді жөндеуге 450 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

  • 05.02.2024, 12:03,
  • 208
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Үкімет Қазақстандағы ТКШ саласын жаңғырту жұмыстарымен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz  

ҚР Үкіметінің мәліметі бойынша, тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңғыртуды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, 2023 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 500 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен – 327 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде бірқатар ірі жылу көздері мен 5,8 мың км инженерлік желілер жөнделді.


Биыл бұл мақсаттарға 450 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 6,5 мың км инженерлік желі жөнделеді.


Жалпы, жүргізіліп жатқан тарифтік реформаның арқасында 2029 жылға дейін 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту және тозуды 20%-ға азайту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.


Бұл коммуналдық инфрақұрылымды нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости