RSS лента

Президент Астана әкімін қабылдады

  • 08.12.2023, 16:03,
  • 264
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбекке әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Жеңіс Қасымбектің баяндамасынан:

- елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндады;
- негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені жөнінде мәлімет берді:
- биылғы 10 айдың ішінде бір триллион теңгеден астам инвестиция тартылған;
- жыл соңына дейін жалпы сомасы 87,7 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 14, білім және медицинаға қатысты 7, логистика бағытында 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 1,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
- жылыту маусымының барысы туралы айтты: биыл күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің және үшінші ЖЭО-ның бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды.

- елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория;
- қала ұзақ уақыттан бері алғаш рет биылғы жылыту маусымында жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз ететін болды. келесі жылы «Тельман» газ жылу станциясының бірінші және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл нысандар қаланы қосымша 850 Гкал/сағат жылумен қамтуға септігін тигізеді.
- әлеуметтік нысандар (мектеп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар) салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту және басқа да жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы елордада 5 оқушылар сарайының, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың құрылысы басталады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости