RSS лента

Вакцинацияға қатысты тағы да шу шықты

  • 24.09.2024, 00:27,
  • 252
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Әлеуметтік желі қолданушылары Moderna фармацевтикалық компаниясы адамдарға екпе салмай, чип салғаны туралы ақпаратты талқылауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Америкалық биотехнологиялық алпауыт бұл туралы өзінің modernatx.com сайтында жазған екен. Бұл рас па, оны stopfake.kz анықтап көрді...

 

Шындығында, Moderna веб-порталында чиптер туралы ақпарат жоқ. Бұл мақала авторы Александр Дубровскийдің ойдан шығарғаны. Ол оны алғаш рет 2021 жылдың 5 қаңтарында өз блогында жариялады. Өзін публицист деп атаған адам фармацевтикалық компанияның мәліметтерін бұрмалаған. Оның интерпретациясы Moderna-ның ресми сайтындағы «мРНҚ-1273» вакцинасының сипаттамасына мүлдем сәйкес келмейді.

 

Дубровскийдің пікірінше, «мРНҚ-1273 – бұл вирусқа қарсы вакцина емес, жасанды биопрограммалық вирус». Ол Modern вакцинасының сипатталған жұмыс принципіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келді.

 

Сайтта былай жазылған: «мРНҚ ғылымының кең әлеуетін мойындай отырып, біз компьютердің операциялық жүйесіне өте ұқсас мРНҚ үшін технологиялық платформа құруды шештік. Ол әртүрлі бағдарламаларға қосуға және ауыстыруға болатындай етіп жасалған. Біздің жағдайда «бағдарлама» немесе «қосымша» – бұл біздің мРНҚ препаратымыз, ақуызды кодтайтын бірегей мРНҚ тізбегі».

 

COVID-19 қарсы вакцинаны жасаушылар пайдаланушыға түсіну оңай болуы үшін вакцинаның жұмысын компьютермен салыстырған. Препарат адам ағзасын қайта бағдарламалау үшін жасалған деген сөз жоқ.

 

Бұл туралы Moderna сайтында былай жазылған: «Әдетте, бір әлеуетті мРНҚ препаратынан екіншісіне өзгеретін жалғыз нәрсе – кодтау аймағы, рибосомаларды ақуыз өндіруге ынталандыратын нақты генетикалық код».

 

Дубровский «сау иммундық жүйе мРНҚ-ға қауіп төндіреді» дейді. Мұның салдары болуы ықтимал, мысалы, «гормоналды бұзылулар, құрысулар, аллергиялық реакциялар, бедеулік және басқа жанама әсерлер тудырады, бұл ретте коронавирус ақуыздарына иммунитеттің мақсатты реакциясы пайда болмауы мүмкін». Modernа вакцинасының клиникалық сынақтарына сәйкес, иммундық жүйесі күшті адамдарда вакцинациядан кейін жағымсыз әсерлер әлдеқайда аз болады.

 

Modernа компаниясының халықты чиптейтінін «мойындағаны» туралы фейк алғаш рет 2021 жылы тарады. Оны украиналық фактчекер StopFake жоққа шығарды.

 

Содан бері ештеңе өзгерген жоқ, Moderna фаркомпаниясы вакцинацияны халықты чиптеу үшін ойлап тапқаны туралы мәлімдемеген. Мұның бәрі Александр Дубровскийдің ойдан шығарғаны.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости