[media=https://www.facebook.com/100033870246643/videos/428053648333261/]
Ең алдымен, ролик кейіпкерінің COVID-19 қарсы вакцина салдырғанына ешқандай дәлел жоқ екенін атап өткеніміз жөн.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда рұқсат етілген вакциналар инактивацияланған вирус немесе аденовирустық векторлар негізінде әзірленген. Олардың құрамында нанобөлшектер жоқ:
Pfizer-BioNTech вакцинасы – бұл мРНҚ платформасында жасалған және құрамына липидті нанобөлшектер кіретін препарат.
Липидті нанобөлшектер – бұл SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызын түзіп, иммундық реакция тудыратын мРНҚ-ға жасушаларға енуге көмектесетін иондалған сфералық липидтер. Липидті нанобөлшектер ағзада ыдырайды және оған ешқандай зиян келтірмейді.
Липидті нанобөлшектердің құрамында ешқандай механикалық құрылғылар жоқ және видеода айтылғандай, ағза ішінде антенналары бар микрочиптер болып қалыптаса алмайды.
Вакцинадағы микрочиптер туралы теориялар антивакцинаторлар мен конспирологияны жақтаушылар арасында кеңінен танымал, бірақ олардың ешқандай дәлелі жоқ және бұл ғылымға қарсы.
Бұл видеоны көріп, кейіпкердің қолынан алып шыққан зат объект COVID-19 қарсы вакцинадағы нанобөлшектер қызметінің нәтижесінде қалыптасқан микрочип емес деген қорытынды жасауға болады. Қазақстанда құрамында нанобөлшектері бар вакциналар жоқ. Липидті нанобөлшектері бар препарат микрочиптер немесе басқа да құрылғылар қалыптастыра алмайды. Вакцина компоненттері жасушаға жеткізілгеннен кейін нанобөлшектер ыдырайды.