RSS лента

Алаяқтар қайдан қоңырау шалатыны анықталды

  • 14.08.2024, 16:21,
  • 521
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Астанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді.


 

– Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркіленді. Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. 

 

Бүгінде интернет-алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрі болып саналады. Азаматтар әлі де қылмыскерлердің айласына түсіп қалып жатыр.  Қоңырау арқылы жасалған қылмыстың алдын алудың жолы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату, бөтен адамның айтқандарына сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің телефон арқылы, оның ішінде WhatsApp немесе Telegram көмегімен операциялар жүргізбейтінін естен шығармау қажет.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости