Жалпы, соңғы 3,5 жылда Агенттік 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады.
Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды.
2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.у.а. әшкереленді.
Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді.
Лауазымды тұлға мен Компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерін тек құқықтық негізде шешуге шақырады.