Жиынтық құрам Шымкент, Тараз және гвардиялық гарнизондарда орналасқан әскери бөлімдерден құрылды. Сондай-ақ, алпыстан астам әскери және арнайы техника келді.
Келген әскери қызметшілер колоннасын "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарды. Келгеннен кейін әскери қызметшілерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендеріне және Жаңаталап ауылына жіберу жоспарлануда, онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын орындайтын болады.