RSS лента

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

  • 15.01.2024, 12:20,
  • 158
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген.


Ташкент жоғары танк командалық училищесінің, Бронды әскерлер әскери академиясының және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының түлегі.


Қызметті Германиядағы Кеңес әскерлері тобы танк дивизиясы гвардиялық танк полкі танк взводының командирі болып бастады.

Қазақстанның Қарулы күштерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін – «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасы штаб бастығының орынбасары, әскерлер қолбасшысының орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы болды.


Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын бітіргеннен кейін ол әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы, содан кейін Әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы  басқармасының штаб бастығы болып тағайындалды, кейін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымын атқарды.


Бұдан кейінгі қызметі Бас штаб бастығы – Қарулы Күштер Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, Аумақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы – Қарулы күштер аумақтық әскерлерінің бастығы, Қарулы күштер Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымдарында жалғасты. 


Қазіргі тағайындауға дейін генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


II дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости