RSS лента

Қазақстанда 4 мыңнан астам Қытай азаматы жұмыс істейді

  • 20.02.2024, 12:05,
  • 230
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды.


Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 045 адам, Үндістан – 1 152 адам, Түркия – 1 110 адам, Өзбекстан – 673 адам.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости