RSS лента

"Жайлы мектептердің" құрылыс материалдары отандық өндірушілерден алынады

  • 20.02.2024, 11:46,
  • 208
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Премьер-Министрдің айтуынша,«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының арқасында 3 ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілуі тиіс.


«Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек», — деді Бектенов.


Үкімет басшысының айтуынша, аталған мектептер әу бастан цифрлық камералармен жабдықталып, полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғануы тиіс. Оған қоса жаңа, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін жылдамдығы жоғары интернет жүргізілуі керек.


Оған қоса ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.


«Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет», — деді Премьер-Министр.


Сонымен қатар Үкімет басшысы объектілер ашылғаннан кейін бірден нақты жоспарлы оқу процесін ұйымдастыру үшін салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керектігін айтты.


«Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости