RSS лента

Тоқаев: МӘМС қосылғалы 5 жыл болды. Алайда, медициналық көмектің сапасы жақсармады.

  • 07.02.2024, 12:23,
  • 176
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына 5 жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті 2 есе артты. Биыл 2,6 триллион теңге бөлінеді. Алайда, медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайды. Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес", - деді Тоқаев. 


Бұдан бөлек, көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалғандықтан салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келетінін ескерді.  Үкіметке медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуды тапсырды. 

"Медициналық көмектің бірыңғай топтамасын қалыптастыру қажет. Мемлекет кепілдік беретін медициналық қызмет оның базалық бөлігі болуға тиіс. Келесі бөлігі жұмыс берушілер мен азаматтардың жарналарынан құралатын сақтандыру қаражаты есебінен жасақталуы керек. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырған жөн. Әлеуметтік жағынан осал топтағы кейбір азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдер жергілікті бюджеттен бөлінуге тиіс.


Сонымен қатар, медицина инфрақұрылымын дамыту – өте маңызды міндет. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бойынша 655 нысан салу жоспарланған еді. Іс жүзінде оның тек 85-і ашылған. Мұның бәрі жұмыстың тиімсіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Жобалық-сметалық құжаттар тым баяу әзірленді, құрылыс ұзаққа созылды немесе нысандардың құны қымбаттап кетті деген себептер айтылып жүр. Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау. Басқа себебі жоқ деп ойлаймын. Қажет болса, министр де, әкім де кез келген мәселені шұғыл шеше алады. Демек, сондай ниет болмай тұр деген сөз".

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости