Тарихи жеңіс: су спортынан әлем чемпионатында алтын
- 05.02.2024, 12:09,
- 230
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: olympic.kz
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Turantimes.kz
Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны.
Аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 228.0050 ұпай жинап әлем чемпионы атанды. Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған.