RSS лента

Бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық спортшы алтын алды

  • 15.05.2023, 09:54,
  • 458
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: aikyn.kz

Бокстан Ташкентте өткен Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміске ие болды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Әлем Чемпиондары:
Санжар Тәшкенбай (48 келі)
Махмұд Сабырхан (54 келі)
Асланбек Шымбергенов (71 келі)
Нұрбек Оралбай (80 келі)

Күміс жүлде:
Дулат Бекбауов (67 келі)


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жеңімпаздарды құттықтады. 


Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазды Президент.  


Оставить комментарий
Последние новости