Министрліктің мәліметінше, 16 жыл ішінде 600-ден астам қазақстандық әскери қызметші Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының сегіз бітімгершілік миссиясына қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Парламент депутаттары Мемлекет басшысының БҰҰ миссияларына қатысу үшін ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын қолдау туралы шешім қабылдады. 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін жіберу жоспарланған. БҰҰ-ның миссияларына қатысу Қазақстан Қарулы Күштеріне әскерлердің жауынгерлік машықтарын жетілдіру үшін пайдаланылатын бітімгершілік операцияларға тән қажетті жауынгерлік дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.