RSS лента

Белгілі журналист дүние салды...

  • 21.01.2024, 22:35,
  • 910
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

«Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры, 66 жастағы Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі El.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып, марқұмның бұрынғы әйелі, елімізге белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт растады. 



Владимир Рерих – танымал қазақстандық тележүргізуші және медиа менеджер. Ашық дерркөздердегі мәліметке сүйенсек, ол 1987-1994 жылдары «Советтік Қазақстан» киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған. 1996-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бас директордың бірінші орынбасары – басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор) жұмыс істеген. 2006-2011 жылдары – Еуразиялық медиа форумның бас продюсері,  «Хабар» телеарнасындағы «Поздний Рерих» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болған.  Владимир Рерих 2012 жылы Германияға қоныс аударған.


img 5126

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости