Ол 1950 жылы 7 шілдеде қазіргі Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978-1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болды. 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. 2010 жылдан қайтадан «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі болды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет ордені және Ерен еңбегі үшін медалінің иегері атанды.