"Жыл сайын Америка Құрама Штаттарының басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр штаттың өкілдерін қайырымдылық шараларына шақырады. Алла Тағалаға мақтаулар болсын, мені мемлекетімізден таңдады. Біз бұл сапарды мемлекетіміздің мүддесін, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар руханиятымызды кеңінен таныту, қазақ тарихының қаншалықты ауқымды екенін көрсету үшін жасауды көздеп отырмыз", – деді имам.
Имамның айтуынша, ол АҚШ президенті ұйымдастыратын 3 шараға қатысады. Бұған қоса ол Қазақстанның бейбітшілікке ұмтылған ел екенін көрсеткісі келетінін атап өтті.