RSS лента

Тоқаев жеке қаражатынан QAZAQ TILI қорына 7 миллион теңге аударды

  • 07.12.2023, 11:16,
  • 254
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Facebook - Rauan Kenzhekhan

Президент қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына алғашқы болып жеке жарна аударды. Бұл туралы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжехан өз әлеуметтік парақшасында жазды, - деп хабарлайды Turantimes.kz 

Ұйым басшысыны айтуынша, Мемлекет басшысы 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударған. 


Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.
Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.
Рауан Кенжехан 12 қазан күні Президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынғанын атап өтті. Өз кезегінде Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамына қазақ тіліндегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту мақсатында заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырған. 
"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ана тілімізге деген АДАЛ АЗАМАТТЫҚ ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдіреміз!", - деді қор президенті. 
Сонымен қатар, Президент көрсеткен үлгіні ел азаматтары, тіл жанашырлары, кәсіпкерлер кеңінен қолдайтынына сенім білдіретінін атап өтті. 
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости