Министрліктің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,3%) Өзбекстаннан, 21,5% – Қытайдан, 10,2% – Моңғолиядан, 9,2% – Түрікменстаннан, 6,8% – Ресейден және 2% басқа елдерден.
2024 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,9%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 32,4%-ы орта кәсіби білімді, 44,3%-ы жалпы орта білімді, және 8,3%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (2023 жылы – 241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (2023 жылы – 51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.