Министрліктің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан , 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,7%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 34,5%-ы орта кәсіби білімді, 41,7%-ы жалпы орта білімді, және 8,5% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.