RSS лента

Қандас мәртебесін беру тәртібі өзгермек

  • 17.05.2023, 18:27,
  • 448
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Енді өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилоттық режимде іске асырылуда. Бұл елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді

 

 

Жаңа тәртіп пен басқа да бірқатар шаралар Мемлекет басшысы 2023 жылдың 19 сәуірінде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде бекітілді.

 

Қазіргі уақытта этникалық қазақтардан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс визалық режим елдерінде (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) орналасқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінде пилоттық режимде жүргізілуде. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінімдерді қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізілетін болады.

 

Бұдан басқа, Enbek.kz порталы арқылы осы пилоттық жобаны (қандас мәртебесін беру және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі қызметтер) іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізілді.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771 (237 отбасы) өтініш қабылданды.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Маңғыстауда облыс әкімінің орынбасарының басшылығымен қандастарды жайғастыру және қабылдау жөніндегі арнайы комиссия құрылды, ол этникалық қазақтардың өңірде тұруға өтініштерін дербес қарайды.

 

Тұрақты негізде жұмыс істейтін осындай комиссиялар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде құрылатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әлеуметтік кодексі және ҚР 2022-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы аясында этникалық көші-қонды дамыту және қолдау бойынша жаңа заңнамалық бастамалар енгізілді.

 

Этникалық қазақтар (басқа елдердің азаматтары) үшін алғаш рет «Ата жолы» картасы енгізіледі, оның ішінде, жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар немесе табысты бизнесмендерге елге оңайлатылған кіру мүмкіндігі қарастырылған.

 

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости