RSS лента

Кімдерге қолжетімді баспана берілетіні белгілі болды

  • 12.12.2023, 18:25,
  • 369
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

1 желтоқсанда Отбасы банкі Қазақстанның жас ғалымдарына кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол академиялық ғылыммен айналысатын жастарға арналған. Қазір жас кадрларға деген тапшылық бар. Бұл жайында Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

 

Банк саладағы барлық тетікті зерттеп, арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Үміткерлер тізімінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне құарасты 53 ұйымның жас ғалымдары бар.

 

«Тоғыз адамның өтініштері мақұлданған. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі 19 жылды құрайды. Бұл жас ғалымдарға өздерінің алғашқы пәтерін сатып алуға және тиісінше Қазақстанда қалып, ғылыми зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік береді. Оның ақысы қолжетімді және несие алушыларға ыңғайлы. Егер ғалым 20 млн теңге сомасын алса, алғашқы сегіз жыл ішінде 155 мың теңге төлейтін болады, ал кейінгі жылдары төлем мөлшері 84 мың теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, біз жас ғалымдарды тартамыз және оларды академиялық ғылымымызда қалдырамыз деген үміт бар», – деп атап өтті Л.Ибрагимова.

 

Айта кетерлігі, жас ғалымдар арасында бағдарламаға деген қызығушылық бар. Әзірге жоба 5 жылға жоспарланған. Ол Отбасы банкінің таза табысынан қаржыландырылатын болады.

 

Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба біршама пысықтаудан өтті. Оның критерийлері талқыланып, нарыққа ұсынылып отыр. «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы шарттарға тоқталып кетті.

 

Тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес түрғын үйге арналған жеңілдетілген несиені 40 жасқа дейінгі магистр дәрежесіндегі атағы бар қазақстандықтар ала алады. Сондай-ақ үміткерлер соңғы 3 жыл ішінде ғылыми институттарда ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерге не болмаса басқа да коммерцияландыруға жататын жобаларға қатысуы міндетті. Бағдарлама аясында кезекке тұрудың қажеті жоқ. Тізімдегі университтер мен институттардың басшылары ғылыммен айналысып жүрген жастарды іріктеп, оларға жолдама береді. Сол құжатты Отбасы банкіне әкелу керек.

 

«Ол банкке келіп, өзінің төлем қабілеттілігін растағаннан кейін 3 айдан кейін алғашқы немесе қайталама нарықтан үйді өздері іздеп, өздері табады. Басты шарт - сол жас ғалымның өзінің атында не болмаса отбасы мүшелерінің атында үй болмау керек. Яғни бұл тек қана алғашқы үй сатып алуға берілетін көмек деп білуге болады», – деді Жансұлтан Матай.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости