Кездесуде Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтқандарынан:
- биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 %-ға, магистратура мен докторантурада 15 %-ға көбейгенін айтты. ЖОО профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық университеттерде бұл көрсеткіш 228 мыңнан 400 мың теңгеге дейін өскен;
- студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есе, яғни 2022 жылғы 55 050-ден 2023 жылғы қазанда 17 488-ге дейін азайған;
- жоғары білім беру саласындағы инфрақұрылым мен цифрлық архитектураның дамуы, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кампустарының құрылысына қатысты ақпарат берілді;
- QS рейтингіне 21 ЖОО, ал Times Higher Education рейтингіне 4 университет кіретіні, жыл соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жетекші шетелдік университеттер филиалдарының саны 8-ге жететінін айтты;
- Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын басталғанын баяндады. Ғалымдардың орташа жалақысы 2 есе өсіп, 252 мың теңгеге жетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3,3 есе артып, 643 млрд теңгені құраған;
- Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары тазалығы 99,5 % мөлшерінде селен алу технологиясын ойлап тапқанын хабарлады. Бұл химиялық элемент медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстан аталған сирек металды анағұрлым тиімді бағамен экспорттай алатынын айтты.